Bugin

Қазақстандықтарды Газа секторынан қалай шығарады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скриншот

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Умаров Қазақстан өз азаматтарын Газа секторынан шығару бойынша атқарып жатқан жұмыстар туралы айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, азаматтарымызды Газа секторынан шығарудың бір ғана жолы бар. Ол – Газада және  Египеттің бір бөлігінде орналасқан Рафах қаласы арқылы. 

"Қазіргі уақытта Рафах қаласы жабық. Бейбіт тұрғындарға қала арқылы өтуге болмайды. Израиль тарапынан шабуылға ұшыраған бұл аймақта жұмыс істеу өте қиын. Дипломатиялық өкілдіктер біздің елмен тұрақты байланыста. Газа аумағында жүрген азаматтар үшін біз Мысыр үкіметімен жұмыс істеп жатырмыз", деді Қайрат Омаров Сенат отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде 45 ел өз азаматтарын Газа секторынан шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 

"Жағдай өте қиын,  бұл мәселені үнемі бақылауды ұстаймыз. Мәселені шешетін барлық адамдармен жұмыс істейміз", деді Омаров.