Bugin
Фото: Скриншот/Яндекс карта
Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6, магнитудасы - MPV 4,5", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісі Тараз қаласында болған.
"Қанша балл болғанын білмеймін, бірақ қатты сілкінді", - дейді қала тұрғыны.
ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Қажымұқан Мұңайтпасов алғашқы театрдың негізін қалағанын білесіз бе?
Мешітте ұрлық жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған