Bugin

Сібір жарасы: бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com 

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы сібір жарасы анықталған науқастардың жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 4 науқас жатыр: науқастардың үшеуінің диагнозы молекулярлық-генетикалық  әдіспен анықталған. Бір науқастың нәтижесі әлі күтілуде. Белгілі болғандай, ауру жұқтырғандар - бір отбасының мүшелері.

"Бір адам жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр, оған сібір жарасы диагнозы қойылды. Науқастың бүгінгі жағдайы эндогендік интоксикация синдромы, геморрагиялық  және тері қабыну синдромынан туындаған. Науқас барлық қажетті терапияны алады. Сонымен қатар, біз республикадан, ғылыми орталықтардан науқасты емдеу бойынша әріптестеріміздің қатысуымен республикалық кеңес өткіздік. Әріптестеріміз емдеу тактикамызбен танысып, ұсыныстар берді, түзетулер енгізді", - дейді облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының меңгерушісі Ержан Жүнісов.

Қалған 3 науқастың екеуінің диагнозы расталған. Ол мамандандырылған бөлімде жатыр. Бәрінің жағдайы тұрақты.