Bugin

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Bugin.kz Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Президент сапар аясында өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.