Bugin
Фотограф: Lukas, pexels.com
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалақыны жыл сайынғы әдетпен шолып шықты. Қазақстанның орташа азаматы небәрі 81 377 теңге жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 683,8 мың адамды) 49%, әйелдер (1 753,5 мың адамды) – 51%.
Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақы:
"Сонымен қатар бюро қызметкерлердің жалақының медианалық мәнін есептеді, 2023 жылы оның мөлшері 251 356 теңге болды (2022ж. – 204 149тг ). Айта кету керек, медиана – бұл барлық жалақы мөлшерін өсу ретімен орналастырғандағы тізімнің орталық мәні, нәтижесінде барлық жұмысшының жартысы одан көп, ал екінші жартысы одан аз алады деген сөз. Бұдан басқа, қызметкерлер жалақысының модальді мәні – 81 377 теңге болды. Бұл жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері", - делінген бюро хабарламасында.
Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 230 841 теңге, жоғары білімі барларда – 398 214 теңге және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардікі 505 170 теңге болды. Қызметкерлер жасы бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы 223 165 теңге, 25-тен 28 жасқа дейін – 284 278 теңге, 29-дан 34 жасқа дейін 324 276 теңге, 35-тен 44 жасқа дейін 356 082 теңге, 45-тен 54 жасқа дейін 330 626 теңге, 55-тен 64 жасқа дейін 305 319 теңге, 65-тен жоғарылардікі – 284 378 теңге болды.
Зерттеуде 2023 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорын және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, орта және шағын кәсіпорындардан ішінара 30% іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыны, үстемеақыны, сыйақыны, салық пен зейнетақы аударымын ескере отырып, 2023 жылғы сәуір айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Ұлттық кәсіптер сыныптауышына2) сәйкес жүзеге асты.