Bugin

Таразда жаңа туған сәбиді акушер сатып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

 

Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға 2022 жылдың қараша айында болған.

Жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б-ға хабарласқан.

Қыздың жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б. әріптесі Ю-дан босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған.

Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені біреуге 1,5 млн теңгеге сатқан.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және заттай дәлелдемемен дәлелденген.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының берген мәліметіне сүйенсек, прокурор сотталушыларды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сотталушылар кінәсін ішінара мойындаған.

Жалпы, аталған қылмыс бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөліміне сәйкес 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.