Bugin

Балалы келіншек телефонын ала қашқан ұрыны ұрып жықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің төбелескен сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оқиға 16-мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.

Келіншек баласына қарап тұрған сәтте күдікті келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашқан.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны тартып құлатып, телефонын қайтып алады. Сол сәтте көшеде тұрған көршілер де көмекке келген.

Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған.

Дегенмен шымкенттік тәртіп сақшылары аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр. 

"Видеода көрсетілген оқиға 24 қазан күні 16:30 шамасында Шымкент қаласында болған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жазбаша арыз берген жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр"- делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.