Bugin

Қарағандыда сібір жарасынан бір адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қарағандыда сібір жарасынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған барлық шараларына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып, жан сақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы пациент қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Кazinform.

"Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді", - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сібір жарасын жұқтырған қалған екі пациентке келетін болсақ, олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.