Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фотограф: Monstera Production:
Петропавлда өртеніп жатқан үйден өзі шығып, әйелі мен екі баласы тастап кеткен ер адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адам өрт кезінде терезені шағып, өзі шығып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол 20 жастағы әйелі мен екі баласын алып шықпақ болған. Алайда артынша әйелі мен екі баласы сол үйде өлі табылған.
"Сол күні қылмыстық іс қозғалып, полиция департаментінің тергеушілеріне берілген. Ол кезде өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - дейді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының басшысы Евгений Журавлев.
Полицейлер әйел адам мен екі баланың өлімінің артында қылмыс әрекеті жатқан болуы мүмкін екенін айтып отыр.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Іс "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабынан "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабына ауыстырылды, делінгне хабарламады.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 25 қыркүйекте болған. Өрт сөндірушілер жеке үйден шыққан өртті сөндіру барысында үш адам өлі табылғанын айтқан. Олар 2003 жылы туған әйел, 2022 және 2018 жылы туған балалар.
ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61