Bugin

Ақтауда қандалаға қарсы улаудан тағы да көршілер зардап шекті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Фотограф: Saulo Zayas: pexels.com

Ақтауда қандалаға қарсы пәтерді улаудан тағы да көршілер зардап шегіп, балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

Оқиға 3а шағынауданының 25-үйінде болған.

"Ауруханаға бір отбасының үш баласы жеткізілді. Екеуіне дәрігерлік тексеру жүргізілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Бір бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты ауыр", - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 22 қазанда Ақтау тұрғыны пәтеріне қандалаға қарсы у сепкеннен кейін көршісінің екі баласы қайтыс болған еді.