Bugin

Президент Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda.kz

Президент аудан орталығы Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.

Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды. Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды, делінген хабарламада.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көргеннен кейін, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Осыған дейін Мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Жетісу облысында жүргенін хабарладық.