Bugin
Фотограф: nappy: pexels.com
Былтыр Ресей азаматтығын 691 мың шетелдік алған. Оның ішінде ең белсендісі Украина азаматтары, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
297 мың Украина тұрғыны Ресей азаматтығын алған. Екінші орында Тәжікстан азаматтары (173 мың). Арменияның 45 мың, Қазақстанның 42 мың азаматы Ресей азаматтығына өтті.
Биыл алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның 14 мың тумасы Ресей азаматтығын алды.
Ресейде 26 қазан күні азаматтық алу туралы жаңа базалық федералды заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес, кейбір үміткерлерге ел азаматтығын алу жеңілдетіледі. Жаңа ережеге сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтығын алу үшін орыс тілін ғана емес, сонымен қатар Ресей тарихын және ел заңнамасының негіздерін білу қажет.