Bugin

Шекарада атыс болып, үш адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: fromprc.ru

Сербияның Хоргош ауылы маңында мигранттар арасында атыс болды. Оқиға салдарынан үш адам мерт болып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Каzinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға заңсыз мигранттар лагерь құрған бұрынғы ауылшаруашылық кәсіпорнының қараусыз ғимаратында болған.

Тағы бір мигрант жарақат алды. Ол ауруханаға жіберілді. Шекара аймағынан үздіксіз атыс естіп, алаңдаған жергілікті тұрғындар ол туралы әлеуметтік желілерде хабарлады.

"Қалай атты десеңізші. Кімдер екенін білмеймін, әлдебір топ па, әлде құрылым ба, бірақ ұзақ атысты. Таңға дейін жалғасты", - дейді жергілікті тұрғын.

Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Тергеу амалдары басталды.

Атысқа мигранттар арасында Венгрия шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін контрабандашыларға кім төлейтіні туралы дау себеп болуы мүмкін.