Bugin

Шымкентте үш баланың әке-шешесімен қоса денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотограф: Donald Tong: pexels.com

Шымкентте бес адам газға уланып, қаза тапты, деп хабарлайды  Bugin.kz  порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар бригадасы оқиға орнын тексерген кезде қабырғаға орнатылған жылыту қазандығында түтін шығару құбыры болмағаны, қазандық корпусының жоқ екені анықталды. Қазандық автоматтан ажыратылған. Ал, бөлмеде желдету құбыры болмаған", - деп хабарлады "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша нақтыланады.

"ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларды газ құралдарын пайдалану кезінде ерекше сақтық пен мұқият болуға шақырады. Қауіпсіздік кепілі - үйдегі мұржалар мен желдету арналарын уақтылы мерзімді тексеру және тазалау. Газды автоматты түрде өшіру арқылы табиғи және көміртегі газдарының шығып кетуіне жауап беретін дабылдарды орнату. Бұл қарапайым ережелер табиғи газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.