Bugin
Фото: Казахмыс
Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлады Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылып, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген.
"Шахтада 23 кенші қалды. 21 кеншінің мәйіті табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген сағат 12:00-дегі жағдай бойынша таратылған хабарламада.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді: 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.