Bugin
Фото: Photo : http://kazminerals.info
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи шахтадағы қаза туралы жазба жариялап, оның басшысын тез арада ауыстыру керегін айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Өз сөзінде мәжілісмен қаза тапқандар саны 40 адамға жетуі мүмкін екенін айтты.
“Әзірге, сағат 13:40-қа 21 адамның өлімі анықталды. Құдай сақтасын! Бірақ өкінішке қарай, кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Митталдың жеке меншігіне берілген "АрселорМиттал Темиртау" (АМТ) компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған апаттан 200-ден астам кенші жер астында қалды деген хабар келді. Оқиға басында құтқару операциясымен айналысып жүрген жігіттердің хабарына қарағанда, өрттің арғы жағында, терең забойда қалған 30-ға жуық адамды құтқару мүмкіндігі азайған сияқты... Қазірдің өзінде қаза тарқандар саны 11 адамға жетті”, – деп жазды ол.
Ермұрат Бәпидің сөзінше, "Қарметкомбинатты" Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын қозғалған. Бірақ үкімет бұған атүсті қарады дейді.
“Міне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, "АМТ"-ны кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды! Әлихан Смайылов мырза, техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан "Карметті" қайтарып алуға не кедергі? Сіз әлі күнге дейін "ескі Қазақстан" жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз? "Аманат" партиясының Парламенттегі фракциясы (Елнұр Бейсенбаев мырза), сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-ші шақырылымның алғашқы сессиясында "аманаттықтар" ұсынған премьер-министрден "Карметтің" меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын! “ – дейді ол.