Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында 18 адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам үш күн іздеуден кейін өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Сәрсенбіге қараған түні болған атысқа күдікті адам табылды, ол қайтыс болған", - делінген Андроскоггин округінің шериф кеңсесінің баспасөз хабарламасында.
CBS News арнасының хабарлауынша, 40 жастағы Роберт Кардтың денесі қоқыс өңдеу орталығының жанынан табылған. АР-дің полициядағы дереккөздері оның өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтты.
Олар, сонымен қатар, күдіктімен байланысты үйден суицид туралы жазылған жазба табылғанын айтты. Ол Кардтың ұлына арналды. Үйден күдіктінің ұялы телефоны да табылды.
Льюистон мэриясында өткен баспасөз мәслихатында Мэн штатының губернаторы Джанет Миллс ер адамның денесі Лисбонда, атыс орнынан алыс емес жерден табылғанын айтты.
"Бүгін мен Роберт Кардтың ешкімге қауіп төндірмейтінін біліп, жеңіл дем алдым", - деді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61