Bugin

Ақтауда сантехник тоққа түсіп, мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Константин Чалабов

 

Ақтауда сантехник оқыс оқиғаға тап болды, деп хабарлайды  Bugin.kz  порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Caspi Towers Service" коммуналдық кәсіпорнының қызметкері қазанның 28-і күні сағат 17:00 шамасында су басқан жертөледе жұмыс істеген. Бір кезде оны тоқ соқты.

Тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздік қызметкерінің айтуынша, сантехник медициналық көмек келгенге дейін қайтыс болған және оны жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды деп жариялаған.

Марқұм сантехниктің артында төрт баласы қалды.

Коммуналдық қызметкердің қайтыс болғанын облыс полицейлері де растады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.