Bugin

Ірі жол апатынан 32 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:  Sputnik / Евгений Биятов

Сенбі күні Мысырдың Бухейра провинциясы маңындағы шөл арқылы өтетін тасжолда болған ірі жол апатынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, жол апатына Бухейра провинциясы маңындағы Каир-Александрия тасжолымен келе жатқан көліктен май аққан. Ведомствоның кейінгі мәлімдемелерінде жолаушылар мінген автобуспен соқтығысқан кезде бірнеше көлік өртенгені айтылған.

"Жол апатына барлығы 64 көлік ұшырады, оның ішінде 29-ы өртенген", - деп хабарлайды мемлекеттік “Әл-Ахрам” газеті оқиға орнында болған дерек көзіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендерді құтқару үшін 20 жедел жәрдем көлігі жіберілді, олардың үшеуіне оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Ведомство, сондай-ақ, қалған 60 зардап шегушінің жақын маңдағы қалалардың ауруханаларына жеткізілгенін қосып өтті, ал “Әл-Ахрам” дәрігерлерге сілтеме жасап, қайғылы оқиғада қаза тапқандардың көпшілігі балалар екенін растады.