Bugin

Желіде Тоқаевтың жалған видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Желіде Тоқаевтың жалған видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Facebook-те ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым азаматтарға арналған жаңа Ton жобасы туралы баяндаған бейнеролик тарап жатыр. Ол кәсіпкер Павел Дуров туралы айтады. Алайда бұл видео фейк болып шықты.

"Бұл видео дыбысталған. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" ұранымен өткен II Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің жазбасы", - деп хабарлады stopfake.

Онда Ton жобасы туралы айтылмайды.

Алаяқтар Павел Дуровтың есімі мен Ton криптовалютасының атауын Желіде кем дегенде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Олар жарнамаға жауап берген адамдарды акцияларға немесе криптовалюталарға инвестиция салуға шақырып, көрсетілген шотқа ақша аударуды ұсынады.

Олай болса, ҚР азаматтарына арналған жаңа жоба туралы видео – фейк.