Bugin
Фото: © Sputnik / Стрингер
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Сырым Шәріпханов шахтаға түсіп, өрт болған және шахтерлер қаза тапқан орындарды аралап көрді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі орталық штабының Қарағанды филиалынан барлығы 55 тау-кен құтқарушысы мен 15 техника жұмылдырылған.
"Жедел медициналық көмек көрсетуге 21 адам мен 7 жедел медициналық техника тартылды. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша қаза тапқан 42 адамның мәйіті табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.