Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: © Sputnik / Алексей Даничев
"Қазгидромет" РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
30 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбеде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.