Bugin
Фото: https://dzen.ru/a/Yk554Ik6T1a2Bvu3
Әр адамның табиғатында өмір сүруге деген құлшыныс бар. Ол құлшыныстың салмағы қаншалық не көлемі қандай екенін қиыннан қиыстырып жол таба білген қаһарман арқылы өзге адамдар да сезіне алады. Bugin.kz порталы сіздерге адамзат тарихындағы алапаттан аман қалған жанның ең ғажайып оқиғасы туралы баяндайды.
Қырық жыл қырғын болса да ажалы бар өледі. Тарихта бұл ой түйінді қуаттандыратын көптеген адамның апаттан яки аурудан тірі қалған кездері көп. Бірақ біздің кейіпкеріміздің оқиғасы өмірге құштарлықтың шыңы дерсіз...
1997 жылы Қытайдың Шыңжаң провинциясында қатты жер сілкінісі салдарынан шахталардың бірі опырылып құлады. Шахта өте қарабайыр адамдардың тіршілік қауіпсіздігін қорғамайтын болды. Ағаш тіректер құлап, 118 адамды үйіндінің астында қалып мерт болды. Бұл бүкіл Қытай үшін қорқынышты әрі трагедиялық жағдаят болды. Одан кейін көп жылдар бойы шахта жабылды.
Бір ғажабы, жер сілкінісі кезінде шахтада болғандардың бәрі өлмеген екен... Қайғылы оқиға кезінде 42 жастағы Чан Вэй есімді азамат тірі қалған. Қандай да бір ғажайыптың арқасында кенші аман қалған. Ол өлімге бас имей, тіршілік үшін күреседі. Терең жер астында қалса да қолда бар мүмкіндігін қалт жібермейді. Орасан зор жарылыс болса да, апаттық желдету жүйесі қиранды шахтада жұмысын істеп тұрған. Бұл фактор кейіпкерімізге жігер мен үміт сыйлайды. Төтенше жағдайға арналған су мен күріш қорының мөлшері де көп болды. Уақыт өте келе Чан Вэй маңайында көптеп өмір сүретін егеуқұйрықтарды аулап үйренеді. Ас мәзіріне шахтаның қабырғаларында өсіп, дәрумендердің көзі болған флуоресцентті де енгізеді.
Шахтер ұзақ жылдар бойы осылай жан бағып өмір сүрген. Оның не ойлап, нені күткені белгісіз. Дегенмен 2014 жылы ғажайып оқиға болады. Қайғылы оқиға ұмыт болғанда шахтада қайта қазу жұмыстары жалғасын табады. Жұмысшылар туннелді ашқан сәтте қараңғыдан тірі адам шығады. Жұмысшылардың бұған қалай таңғалғанын елестету қиын. Чан Вэй лезде ауруханаға жатқызылды, себебі оның жағдайы өте ауыр еді. Өкінішке қарай оның кейінгі тағдыры белгісіз.