Bugin

Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Сұлтан Әсетұлы Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"67 келіге дейінгі салмақта финалда Әсетұлы түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымнан басым түсті. Жекпе-жек 2:1 есебімен Әсетұлының пайдасына шешілді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық болды.