Bugin

Астанада электр қуатының жаппай сөну себебі белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

29 қазан күні кешке Астанада электр қуатының үзілу себебін қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Айналма шинаның басында жарықшақ болып, ол жарылып, бағанадан шығып, кернеуге құлаған. Сол себепті жарық өшкен. Сондай-ақ сәйкес фаза уақытша жабылды", - деді әкім орынбасары Астананың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қазан күні кешкісін Астанада электр қуаты үзіліп, қала тұрғындары жарықсыз қалған еді.