Bugin

Рекордтар фабрикасы: әлемнің ең үздік футболшысы кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Getty Images

Парижде 2023 жылғы "Алтын доп" марапаттау рәсімі өтті. Әлемнің үздік ойыншысы мен басқа да бірқатар номинация бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бас жүлде "Интер Майами" клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге бұйырды. 36 жастағы шабуылшы өткен маусымда ұлттық құрама сапында әлем чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Сондай-ақ Лео "ПСЖ" қатарында Лига 1 чемпиондығын, ал Майами сапында бірге MLS Лига кубогын жеңіп алды. Осылайша Месси өз мансабында 8-ші рет әлемнің үздік ойыншысы атанды. Бұл - рекорд.

Үздік бестікке "Манчестер Ситидің" норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холланд (2), "ПСЖ" клубының франциялық қанаты Килиан Мбаппе (3), "Манчестер Ситидің" бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне (4) және испандық жартылай қорғаушы Родри (5) енді.