Bugin
Фото: gov.kz
Өткен жылдың ақпанынан Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған Ұлан Байжанов қызметінен босатылды. Соған орай Қазақстанның Бас прокуратурасының Tengrinews тілшісіне берген ресми сауалына жауабын Bugin.kz сайты сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органының жауабына сәйкес, Байжановтың Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылуы оның шетелдегі жылжымайтын мүлкі туралы бұрын жарияланған ақпаратқа қатысты емес.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң мемлекеттік қызметшілердің шет мемлекеттерде жылжымайтын мүлікке ие болуына ешқандай шектеулер белгілемейді", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Сондай-ақ ведомство ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік қызметке кіретін және қызмет ететін азаматтарды арнайы тексеруден өткізетінін еске салды.
"Францияда жылжымайтын мүліктің болуы және коммерциялық құрылымдардағы тәжірибесі туралы сауалдарға қатысты біз сізге У.С.Байжановпен тікелей байланысуды ұсынамыз. Өйткені "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заң мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді шектейді",- деп қосты Бас прокуратура.
"Байжановтың айтуынша, ол мемлекеттік қызметке келгенге дейін 20 жылдан астам уақыт бизнес жасап, ешкімнен жасырмайтындай дүние-мүлк тауып алған", - деп жазды Tengrinews.kz тілшісі.