Bugin
Фото: mykaleidoscope.ru
Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасы арзандап жатыр. Қазан айында орташа көрсеткіштер қыркүйекпен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендеді, деп хабарлайды bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Krisha.kz сайтында жүргізілген мониторинг бойынша, 3 қаланың 8-інде ұзақ мерзімге жалға берілетін пәтерлердің бағасы арзандаған. Қазан айындағы бағаның арзандауы жаз басынан бері алғаш рет тіркелді. Негізгі бағаның шарықтауы шілде-тамыз айларында тіркелген. Жаздың соңында ай сайынғы жалға алу бағасы 4-7 пайызға өсті.
Қазір пәтер жалдау нарығы арзандады:
Ақтөбеде – 7 пайызға;
Петропавлда – 6 пайызға;
Ақтау, Қостанай және Көкшетау қалаларында – әрқайсысына 5 пайыздан;
Алматы мен Қарағандыда – 4 пайыздан;
Астанада – 1 пайызға.
Бұл ретте Павлодар, Орал, Өскемен қалаларында баға шамалы қымбаттады.
Алматыдағы ең қымбат баспана шаршы метрі – орташа есеппен 6 мың теңге. Ең арзаны Ақтауда, шаршы метрі – орташа есеппен 2632 теңге.