Bugin
Фото: kazyret_berdikhan
Ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасында ренішін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист кейінгі кездері ақынның жазған өлеңдері әлеуметтік желіде, түрлі парақшада кеңінен таралып жатқанын айтып, осы жөнінде сұрақ қояды.
"Тыңдап отырсам өзіңіз оқыған сияқты көрінесіз, енді бір дұрыстап ден қойып тыңдасам басқа бір адам оқығанын байқаймын", - деді журналист.
Жүрсін Ерман бұған кейде өзі де таңғалатынын жеткізді.
"Менің өлеңдерімді менің атымнан оқып салып жатыр жігіттер. Оған не себеп болып жатқанын өздері біледі. Менің дауысымды салатын жігіттер бар ғой, солардың дауысымен оқып жатыр. Рұқсат сұрап жатқан адам жоқ. "Өлеңдеріңізді пайдаланайық, салайық, тыңдатайық" деген. Оған ренжімеймін. Бір өкініштісі, менің өлеңім емес өлеңдерді салып жатыр менің атымнан. Соған қарным ашып қалады. Ұят болмай ма? Білемін, көп өлеңдерім салынып жатқанын. Баспасөз бетінде де шығып жатыр. Оған да шүкір деп отыра береміз. Бірақ жаңағы менікі емес дүниелерді менікі етіп салғанда қарным ашып қалады", - дейді ол.