Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілерді атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет отырысында Смайылов Президенттің Костенко атындағы шахтадағы кеншілердің өліміне қатысты тергеу жүргізуді және "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырғанын еске салды.
"Ағымдағы жылдың тамыз айында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында дәл осындай апат болды. Нәтижесінде 5 кенші қаза тапты. Көптеген зардап шеккен қайғылы оқиға өнеркәсіптік қауіпсіздікті талаптары дұрыс сақталмауына тікелей байланысты. Бұл - бірінші кезекте компания басшылығының кінәсі.
Компания өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан кеншілер көз жұмған. Сондықтан "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанға беру жөніндегі мәміле аяқталып жатыр", - деді Смайылов.