Bugin
Фото: © Sputnik / Асем Миржекеева
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза болған кеншілердің жалақысы жайлы ақпаратты айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Цифрлық отбасы картасы бойынша олардың жалақысы туралы мәліметтерді қарадық. Айлықтары 300 мыңнан 1,6 миллион теңге арасында болған. Өйткені олардың арасында жас жұмысшылар да, жұмысқа жаңадан келгендер де бар. Сондықтан жалақыда осындай айырмашылық бар. Біліктілігі мен атқарған жұмысына байланысты", - деді Дүйсенова үкімет отырысында.
Ол кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
"Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Өткен жылдары инфляция деңгейінде олар өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылған", - деді вице-премьер.