24 жыл бұрын ұрланған қыз табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Фото: amarok-man.livejournal.com

Жас ана үшін бұл күн қалыпты өтер ме еді?! Егер дүкенге кірер кезде есік алдына екі айлық нәрестесін балалар арбасында қалдырмағанда... Bugin.kz тілшісі 24 жылдың жүгін арқалаған оқиға туралы баяндайды. 

1996 жыл. Тольятти қаласы. Анасы артық ойсыз баласын дүкен алдына балалар арбасында қалдырып дүкенге кіреді. Ал дүкеннен шыққанда арба да бала да ұшты-күйлі жоғалғанын байқайды. Қанша тырысып жан ұшыра ісдесе де бала табылмайды. Бала бүкіл мемлекеттен іздеп, полиция қызметкерлерін аяғкынан тік тұрғызса да табылмайды.

Ұрланған баланы іздеуге бүкіл қала кіріседі. Қала әкімі тіпті ұрлау туралы ақпарат айтқан адамға сыйақы беруге уәде берді. Бірақ ешкім ештеңе айта айтпайды.

Қайғыға батқан ана қызын шарқ ұрып іздеуін жалғастырады.  Баланы ұрлаған әйелдің құжаты  мен баланың суреті көптеген БАҚ-та жарияланады. Тіпті көптеген адамдар жоғалтқан адамымен қауышқан "Жди меня" бағдарламасына баруы да нәтижесіз аяқталады.

Кішігірім бір ауыл емханасына кішкентай қызға антипиретикалық укол салуды өтініп ер адам мен әйел келгені туралы мәлімет қолға түседі. Әйел күдіктіге ұқсайды, ал бала парақшадағы фотосуретке ұқсайды.

Бірақ қолдарында құжаттары болмағандықтан, олардың әрі қарай қайда кеткені анықталмады. Баласын жоғалтқан ата-ана перзенті аман болар деп өздерін тыныштандырады.

Жиырма төрт жыл бойы отбасы баланы іздеуден бас тартқан жоқ. Осы уақыт ішінде олардың тағы екі қызы болды. Аналары оларға үлкен әпкесі туралы айтып берді, қыздар да бір күні табылар деп үміттенді. Жаны байыз таппаған ата-анасы баласын 24 жыл іздейді.

Оқиғаға 2020 жылы ғана өзгеріс енді. Тольятти қаласының тұрғыны өзінің бұрынғы көршісі Вера Николаевна Лучкина 1996 жылы ұлды болғанын айтады. Бірақ кейін отбасының баласы шетінеп кетеді де, артынша жұп қыз бала тәрбиелеп бастайды. Көп ұзамай Лучкиндер отбасы басқа қалаға кетті.

Бұл хабар "Жди меня" бағдарламасының ұжымына жеткізіледі. Олар шұғыл түрде жағдаятты зерделеп, кейіпкерлерге хабарласады.

Ұрланған қыз ол уақытта өсіп, бойжетеді.  Вера өзін өсірген анасы ұрлағанын естіп шошып кетеді. Хабарласқан журналистерге сенбеді? Қалайша ұзақ жылдар бойы өсірген анасы бөтен адам боп шыққанын қабылдай алмай қиналады. Әрі туған анам деп жүрген адамы өзін ұрлағанын естіп есеңгіреп кұйзеледі. Тәрбиелеп, өсірген отбасындағы өзі мен әпкесі  ДНК тестін тапсыруға келіседі. Ол кезде асырап алған анасы тірі емес еді.

ДНК тесті апалы-сіңлілердің туыс болу мүмкіндігі жоқ, бөтен адамдар екенін растады. Қыздың сынамасы жоғалтқан анасымен 99,9 пайыз ұқсас боп шығады. Яғни анасы 24 жылдан соң баласын табады.

Алайда қыз бұл шындықты бірден қабылдамады.  Ол бағдарламаға қатысудан бас тартты.  Психологиясын реттеп, күйзелісін басқан соң анасымен кездесуге уәде береді. Қыз анасы мен бауырларын көріп, ұқсастықтарына таң қалып, шынында олардың туысқан екендігін мойындайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61