Bugin
Фото: Sputnik / Григорий Соколов
Биыл төл күресіміз алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енді. Бұл - қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жолындағы маңызды кезең. Бұл туралы Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Ерлан Естек мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Бүгінге дейін халықаралық кеңістікте қазақ күресіне ерекше мәртебе берген жарыстардың ішінен 2022 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен Әлем чемпионатын атап өтуге болады. Сондай-ақ төл күресіміз 102 мемлекеттің 3 мыңнан астам спортшысы қатысқан IV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының (Изник қаласы, Түркия) бағдарламасында болды. Жыл сайын "Қазақстан Барысы", "Тұран Барысы", "Еуразия Барысы" және "Әлем Барысы" турнирлері өткізіледі.
2023 жылы Жетісу облысындағы Үштөбе қаласында 20 мемлекет спортшыларының қатысуымен Әлем кубогы өтті. Бұл әлемдік додаға 200-ден астам балуан қатысып, 8 салмақ бойынша сынға түскен болатын.