Bugin
Суреттер: Vesti.kz. Турар Казангапов©
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) IBO тұжырымы бойынша кіші жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды. Жекпе-жек 16 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Бұл жекпе-жек 32 жасар боксшының 2023 жылғы екінші кездесуі болмақ. Жекпе-жек Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналады.
Боксшы чемпиондық атағын танзаниялық Ибрагим Класс Мгендерге (30-6, 14 КО) қарсы қорғайды.
Айта кетейік, африкалық экс-чемпион намибиялық Юлиус Индонгомен кездескенімен, мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Ол өз мансабында IBF рейтингінің алғашқы ондығына кірді.
Жанқош мексикалық Алехандро Менесеспен (16-6, 9 КО) жекпе-жекте чемпиондық атағын жеңіп алды. Ол Алматыда өткен наурыз айындағы шаршы алаңдағы белдесуінде қарсыласын нокаутқа түсірген еді.