Bugin

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels

Алаяқтар Каспи банктің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп, фейк ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай хабарламада "төлем" функциясымен "Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды" деген жазу болады. Егер оны адам басып жіберсе, қаражат салық төлеушілердің банк шотынан төлем растауынсыз есептен шығарылады.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі туралы хабарламалар алған кезде ақшалай қаражат рұқсатсыз есептен шықпауы үшін салық бойынша берешектің бар/жоқ екенін ЕДБ мобильді қолданбалар арқылы нақтылап тексеруді ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61