Bugin

Шымкентте екі бала аналарынан адасып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Шымкентте екі бала аналарынан адасып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай аудандық полиция басқармасының "102" арнасы арқылы қала базарларында 6 жастағы ұл мен 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аналары сауда жасау кезінде бүлдіршіндерінен көз жазып қалғанын жеткізді.

Учаскелік инспекторлар мен ювеналды полицейлер балалардың фотосуреттерін, сырт келбеті мен киімдерін сипаттайтын бағыттаманы алып, дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жоғалған екі бала да бір сағаттан аз уақыт ішінде табылып, заңды өкілдеріне аман-есен табысталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті балалар жазатайым жағдайға ұшырамауы үшін оларды қараусыз қалдырмау қажет екенін еске салады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61