Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1 қарашада Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми сапары өтеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар аясында екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
"Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстан мен Өзбекстанға сапарының мақсаты – Францияның энергетикалық қауіпсіздігін арттыру", -деп жазуда батыстық БАҚ.
Макрон бүгін елімізге, ертең Өзбекстанға баруды жоспарлаған.