Bugin

Тараз қаласында айыпталушылар сотта өздеріне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels

Жамбыл облысының қылмыстық сотында күтпеген жағдай болды. Бұл туралы bugin.kz порталы orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық сот есірткі мен қару-жарақты заңсыз саудасына қатысты айыпталушылардың ісін қараған. Сот отырысында бес айыпталушының ісі қаралған. Сот барысында айыпталушы Ербол Ахметов Жамбыл облысының сотына сенбейтінін, заңсыздық пен сыбайлас жемқорлық қаупі барын айтты. Сотталушыларға қарсы барлық айыптауларға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді. Эмоционалды сөйлеу соңында ер адам қол тамырын кесіп тастады. Оның әрекетін тағы екі айыпталушы қайталады. Сотталушыларға дереу медециналық көмек көрсетілді.

"Сотталушылар белгісіз заттармен өздеріне дене жарақатын келтірді. Қазіргі уақытта барлығына медициналық көмек көрсетілді ", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Бұл жағдайға байланысты істі қарау кейінге шегерілді.

Оқиғаның видеосы мына сілтемеде.