Bugin
Фото: pexels.com
Онколог Валерий Бредер бауырды адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын ағза деп атады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, тіпті жүрек те бауыр сияқты күрделі функцияларды орындамайды.
Сарапшының айтуынша, бауырдың алғашқы маңызды функциясы – ақуыз синтездеу.
"Яғни биологиялық белсенді заттар, гормондар, ферменттер бауырда синтезделеді. Бауыр – ағзадағы пайдалы және зиянды заттардың негізгі тасымалдаушысы.
Екінші функция - детоксикация. Бауыр – денеден оксиндерді тазартуға жауапты",- деп ғалым сөзін түйіндеді.