Bugin

Еліміздегі ең ірі темір өндіретін кәсіпорын жұмысшысы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрнекі сурет: автор / Тұрар Қазанғапов

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы bugin.kz сайты  Alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар мессенджерлерде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тоғы соғып қаза болғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

"ССКӨБ" АҚ баспасөз қызметі:

"ССКӨБ" аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеме қызметкері оқыс оқиғаға ұшырады. "ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", -деп жағдайға қатысты пікір білдірді.