Bugin

Қазақстандықтар жаңа жылда қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels

Жаңа жылда Қазақстан азаматтарына қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді. Ал 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні.

7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалатын болады.