Bugin

Жаңа инвестор "АрселорМитталға" қанша қаражат құюы керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: AFP 2023 / MENAHEM KAHANA

Жаңа инвестор "АрселорМиттал Теміртауға" 3 млрд доллар ақша құюы керек, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет "АрселорМиттал Теміртауға" бюджет қаржысын жұмсамайды. Мұндай жоспар жоқ. Біз жеке инвестор тартамыз. Ол алдағы үш жылда 3 млрд доллар құюға тиіс", - деді премьер мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

 

Оның айтуынша, бұл соманың жартысын компанияның жаңа иесі алғашқы жылы бағыттауы керек.

"Кем дегенде 1,3 млрд долларды бірден құю керек болады. Кәсіпорындағы қазіргі жағдай өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі, бүкіл жабдықты жаңғырту және өндірісті кеңейту мәселелерін шұғыл шешуді қажет етеді", - дейді премьер.

"АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстан пайдасына беру бойынша процедуралар 30 қарашада аяқталады. Осыдан кейін барлық ақпарат жұртшылыққа жарияланады.