Bugin

Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқыту туралы өтініш білдіргені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқытуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik сайтына сілтеме жасап.

"Бізге француз тілін оқыту қазақ мектептеріне қайта оралғаны өте маңызды. Біз қазіргі жағдайды өзгертуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге зор үміт артамын", - деді Макрон кеңейтілген кездесуде.

Франция президенті 2024 жылғы қыркүйектен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істейтінін атап өтті.

"Студенттер арасындағы байланыстың дамығаны, студенттерімізге арналған стипендиялардың болғаны өте маңызды. Сондай-ақ мен сіздің Парижде сіздің еліңіздің мәдени мұрасына арналған көрмені өткізу туралы бастамаңызды қолдаймын. Гиме музейінің төрағасы бүгін менімен бірге келді, қазір біз келесі жылы өткізу мүмкіндігін талқылаймыз", - деді Макрон.

Бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Макронның сапары бір күнге созылады.