Bugin
Фото: www.gov.kz
Қазақстандық әскерилер Голан жоталарына бітімгершілік миссиясына жөнелтілуі мүмкін. Бұл аумақ Таяу Шығыста орналасқан, оның басым бөлігін Израиль, ал қалғанын Сирия басқарады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz сайты Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"Бізде келісім бар. Қазақстан Қарулы Күштерінің және мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатының ықпалымен бізде компетенция бар. Біз Голан биіктерінде бітімгершілік миссиясын өткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Біз қақтығысқа қатыспаймыз. Тек бітімгершілік саясатын ұстанамыз", - деді министр.
Газа секторындағы қақтығысқа қазақстандықтардың қатыспайды. Қорғаныс министрлігінің басшысы бұл мәселеде біздің елден көмек сұралмағанын атап өтті.
"Қазақстанның бітімгершілік функциялары БҰҰ-ның қамқорлығымен жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін біздің қарым-қатынастарымыз аясында өтініштер болған жоқ. Қазір бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз", - деді Жақсылықов.