Bugin

Израиль картадан жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Getty Images

Қытайда әлемнің қолжетімді онлайн картасынан Израиль атауы жоғалып кетті. Мұны қытайлық интернет қолданушылары байқап даурығуда. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап bugin.kz сайты хабарлайды.  

Атап айтқанда, Қытайдың Baidu іздеу жүйесінің карталарында және Alibaba-ның Amap онлайн карталарында Израиль жоқ. Люксембург немесе Монако сияқты ергежейлі елдерді қоса алғанда, барлық басқа ел атаулары әлі де дұрыс көрсетіледі.

WSJ бұл өзгерістер «Бейжіңнің аймақтағы екіұшты дипломатиясының ықпалымен болып отыр» деп атап өтеді.

Бұған дейін БҰҰ Бас ассамблеясы Газа секторындағы «соғысты тоқтату» үшін «тез арада атысты тоқтатуға» шақыратын қарарды басым дауыспен мақұлдаған болатын. Оны 120 мемлекет, соның ішінде Қытай қолдаса, 14 мемлекет қарсы, 45 мемлекет қалыс қалды.