Мектепте күзетші оқушы қызды зорламақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматының Алатау ауданындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Күзетші мас күйінде алтыншы сынып оқушысын жәбірлеген. Ер адамның әдепсіз әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрларда оның кәмелетке толмаған баланы зорламақ болғаны байқалады. Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазды. Бұл туралы Bugin.kz сайты Almaty.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккен қыздың анасы ол күнді еске алуға қиналады. Әйелдің айтуынша, қызы күзет бекетінде мұғалімі қалдырған тест қағазын алуға барған. Сол күні күзетте 63 жастағы азамат кезекшілікте тұрған. Білім мекемесінің қабырғасында 6-сынып оқушысын қорлауға әрекет жасаған. Қыздың анасы күзетшінің сол кезде мас болғанын алға тартады.

"Бала мектепке мұғалімнің өтініші бойынша БЖБ қағазын барған. Ол мектепке келгенде, күзетшімен жалғыз қалады. Күзетші қатты мас хәлде болған. Қызға қағаздарды беріп, оқушының қолынан ұстап алады. Оқушы қыз күресіп, қашып құтыла алмай жұлқынады. Қуанышқа орай, қыз күзетшінің уысынан сытылып шығып аман қалды", – дейді зардап шеккен қыздың анасы Юлия.

"Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр", -деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61