Bugin
Фотограф: Anna Shvets / pexels.com
АҚШ-та 58 жастағы Лоуренс Фосетт отадан кейін алты аптадан соң көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мэриленд университетінің медициналық орталығына сілтеме жасап.
Ол – шошқа жүрегі салынған әлемдегі екінші науқас.
"Біз генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегін трансплантациялау бойынша әлемде екінші ота жасалған 58 жастағы Лоуренстің қайтыс болғанын хабарлаймыз. Ол жүректің айықпас дертіне шалдыққан еді. 20 қыркүйекте ота жасатқан Лоуренс алты аптаға жуық уақыт өмір сүрді", - делінген хабарламада.
Науқас медициналық орталыққа 14 қыркүйекте жүрек ауруы диагнозымен түсті. Бастапқы кезде-ақ дәрігерлер трансплантациялау әдістерімен ота жасауға болмайтынын айтқан. Алайда 15 қыркүйекте АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы науқастың өмірін ұзартуға көмектесетін операцияға рұқсат берді.
"Университет науқастың жүрегі трансплантациялаудан соң бірінші айда өте жақсы жұмыс істегенін атап өтті. Кейін ол физиотерапиядан өтіп, қайтадан жүруді үйренуге тырысты. Дегенмен дәрігерлер соңғы күндері оның бойынан жүректі қабылдамау белгілерін байқаған. Ақыр соңында ол қайтыс болды", - делінген хабарламада.