Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: pixabay.com
Collins сөздігі 2023 жылы кең қолданылған сөз ретінде AI (artificial intellect - жасанды интеллект) аббревиатурасын таңдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы France24 арнасына сілтеме жасап.
"Осы жылы басты назарда жасанды интеллект және оның қалай дамығаны болды. Біздің өмірімізге электронды пошта, стриминг сөздері енгелі жасанды интеллектің маңызы артты, - деді Collins Dictionary басқарушы директоры Алекс Бикрофт.
Сөздік құрастырушылары жыл сөзі 20 миллиардтан астам сөзден тұратын Collins Corpus дерекқорын талдау нәтижесінде таңдалғанын хабарлайды. Онда әлемдегі веб-сайттарда, газеттерде, журналдарда және кітаптарда жарияланған материалдардан, сондай-ақ радио, теледидар арқылы таратылған хабарлар мен күнделікті әңгімелерде қолданылған сөздер қамтылған.
Collins Dictionary нұсқасы бойынша 2023 жылы кең қолданылған сөздердің тізіміне енген басқа сөздер:
Nepo baby – ата-анасының жолын қуған атақты адамдардың балалары;
Greedflation – greed сөзінен алынған (ашкөздік) және inflation (инфляция) - компаниялардың жоғары инфляцияны өз пайдасын арттыру мақсатында бағаны жасанды түрде көтеру үшін сылтау ретінде пайдалануы;