Bugin
Суретті түсірген Валериий Бугаев. egemen.kz
Өткен жылы 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов түрмеден босатылды. Бұл туралы bugin.kz тілшісі Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталған болатын. Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі Дәурен Махажановтың жазасы бас бостандығынан айыру орнына айыппұлмен ауыстырылғанын хабарлады.
"Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Қапшағай қалалық сотының ұйғарымының негізінде шешімдер шығарылды. Сотталған Дәурен Махажанов Заречный кентіндегі №57 мекемеден босатылған", - деп атап өтті Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қорытындысында 2022 жылдың 23 ақпанында "Интегра Констракшн" ЖШС директоры және «Еуразиялық банк» АҚ Түркістан филиалының директоры арқылы Махажановтың 98 мың доллар көлемінде аса ірі көлемде пара алғаны көрсетілген.