Bugin
Фото: Matthias Zomer/pexels.com
Күнделікті калорияны 12 пайызға шектеу сау қартаю мүмкіндігін арттырады. Қартаюды тежеудің жолдары Aging Cell журналында жарияланған Ұлттық қартаю институты (NIA) ғалымдарының зерттеуінде айтылды.Бұл туралы bugin.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көптеген зерттеулер жануарларда ағзаны маңызды дәрумендер мен минералдардан айырмай, калорияларды шектеу арқылы ағзада жасқа байланысты аурулардың дамуы бәсеңдейтіні, өмір ұзаратыны, күйзеліске төзімділік арттыратынын көрсетті. Жаңа зерттеулер адамға да әсер ететіні болжануда.
Ғалымдар CALERIE зерттеуіндегі пациенттердің деректеріне талдау жасады. Қатысушылар артық салмағы жоқ дені сау жас және орта жастағы америкалықтар болды. Оларға екі жыл бойы күнделікті калорияны 25 пайызға азайтуды сұрады. Алайда 12 пайызға қысқарту ең жоғары көрсеткіш болды.
Зерттеушілер бұл шағын калориялық шектеу жануарларға әсер еткендей адамдарға да әсер ететінін анықтады. Мысалы, ол энергия өндіруге және метаболизмге жауапты гендерді белсенді етеді. Сонымен бірге қабынуға қарсы гендерді дамытады. Тәуліктік ырғақтарды реттеу және зақымдалған ДНҚ- ны қалпына келтіру де жақсарады.